Басты бет
·
Футбол

«Арсенал» «Ливерпульді» өз алаңында жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Лондондық «Арсенал» Англия Премьер-лигасының 9-турының соңғы матчында «Ливерпульді» жеңді.

«Энфилд» стадионында өткен кездесу қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз гол 16-минутта соғылды. «Арсенал» жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырып, Деклан Райс Кай Хаверцке нәтижелі пас берді. Германиялық шабуылшы мүмкіндігін мүлт жібермей, Алиссонның қақпасын дәл көздеді.

Гол жіберіп алғаннан кейін алаң иелері шабуылға көбірек көңіл бөлді. Алайда лондондықтардың қорғанысы сенімді ойнап, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Үзілістен кейін де «Ливерпуль» Давид Райяның қақпасынан саңылау таба алмады.

Осылайша, «Арсенал» 2012 жылдан бері алғаш рет Англия Премьер-лигасы аясында «Ливерпульді» өз алаңында жеңді.

Бұл жеңістен кейін Микель Артета шәкірттері турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтап, «Манчестер Ситиден» үш ұпайға ұзап кетті. Ал 15 ұпай жинаған «Ливерпуль» бесінші орында тұр.

«Ливерпуль» – «Арсенал» матчының бейнешолуы:

«Арсенал» «Ливерпульді» өз алаңында жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді – sport-hub