«Арсенал» жолдастық кездесуде «Бетиске» есе жіберді
Бөлісу

«Бетис» ФК
Лондондық «Арсенал» Дублиндегі «Авива» стадионында өткен жолдастық кездесуде испаниялық «Бетиске» 1:3 есебімен жеңілді.
Есепті 9-минутта «Бетис» жартылай қорғаушысы Родриго Рикельме ашты. 26-минутта Нельсон Деосса испаниялық клубтың басымдығын еселей түсті. 32-минутта «Арсенал» қорғаушысы Хинкапи есеп айырмасын қысқартқанымен, үзіліске аз уақыт қалғанда Пабло Форнальс «Бетистің» үшінші голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:1.
Еске салайық, өткен маусымда «Арсенал» 38 матчта 85 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының чемпионы атанған еді. Сондай-ақ лондондық клуб Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, онда ПСЖ-дан (1:1, пенальтиде 3:4) жеңілген болатын.