Артета «Арсенал» басшылығынан «Реалдың» көшбасшысын сатып алуды сұрады

Фото: «Барселона» ФК
Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета клуб басшылығына мадридтік «Реалдың» және Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниорды қатарға қосу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш білдірді.
Бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі The Touchline парақшасында хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, Винисиус — Артетаның көптен бергі арманы. Испаниялық маман бразилиялық футболшыны «зеңбірекшілер» шабуылындағы жетіспей тұрған негізгі буын ретінде қарастырып отыр.
Transfermarkt порталының бағалауынша, Винисиус әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде төртінші орында тұр. Оның нарықтық құны 140 миллион еуроға бағаланады.
Шабуылшының «Реалмен» жасасқан қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Бұған дейін мадридтік клуб басшылығы жаңа келісімшарт ұсынуға дайын екені, алайда оның қаржылық шарттары ойыншының талаптарынан едәуір төмен болатыны хабарланған еді.