Әсел Қанай алтын жүлде үшін таласады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Каратэші Әсел Қанай Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанға кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық спортшы Камбоджа өкілі Чакрия Ваннмен кездесті. Жекпе-жек Қанайдың 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Финалға шығу арқылы Қанай алдыңғы Азия ойындарындағы нәтижесін жақсартты. 2023 жылы Ханчжоуда өткен додада ол үшінші орын үшін жекпе-жекте ирандық Атуса Голшаднежадты жеңіп, қола медаль иеленген еді. Сондай-ақ қазақстандық спортшы 2025 жылы Каирде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.

Әсел Қанай алтын жүлде үшін таласады – sport-hub