Астана 2027 жылы ISU-дың бірден екі ірі турнирін қабылдайды

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) ресми түрде Астананы 2027 жылғы ең ірі жарыстар күнтізбесіне енгізді.
Қазақстан астанасында бірден бірнеше беделді халықаралық турнир өтеді.
22–24 қаңтар аралығында Астанада жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының үшінші кезеңі өтсе, 28–31 қаңтар күндері әлемнің үздік жас спортшылары жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медальдарын сарапқа салады.
Сонымен қатар, бұған дейін ISU Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл турнир 2027 жылдың 9–14 ақпаны аралығында Астанада өтеді.
Айта кету керек, елорда қысқы спорт түрлері бойынша ірі жарыстарды ұйымдастыруда тәжірибеге ие. Өткен жылы Астана шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екі кезеңін сәтті өткізді.