Басты бет
·
Футбол

«Астана» мен «Қайсар» тең түсті

Каирбек Тулегенов ··
«Қайсар» ФК

«Қайсар» ФК

«Астана» мен «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында жеңімпазды анықтай алмады.

«Астана Аренада» өткен кездесу голсыз тең аяқталды.

Егер елордалық клуб жеңіске жеткенде, чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда үшінші орынға көтеріліп, көкшетаулық «Оқжетпестің» қола жүлде үшін күрестегі математикалық мүмкіндігін жояр еді.

«Қайсар» үшін де жеңіс маңызды болатын. 25 ұпайы бар қызылордалық клуб турнир кестесінің соңында тұр және Бірінші лигаға түсіп қалу қаупі төніп тұр.

Енді барлық мәселе 31 қазанда өтетін соңғы, 30-турда шешіледі. «Астана» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуымен» кездессе, «Оқжетпес» қонақта «Елімаймен» ойнайды. Ал «Қайсар» елордалық «Жеңісті» қабылдайды.