Астанада асық атудан Қазақстан чемпионаты өтеді
Бөлісу

Фото: gov.kz
Астанада асық атудан Қазақстан чемпионаты өтеді
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 120-ға жуық үздік спортшы қатысады. Турнир «Аспан» спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі жылы өтетін Азия чемпионатына жолдама алады. Ал екінші және үшінші орын иегерлері әлем кубогында ел намысын қорғайды. Сонымен қатар жүлдегерлер Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына енеді.
Жарыстың жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 6 шілде күні өтеді. Чемпионат Елорда күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған.