Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Aibar Rysdaulet··
Фото: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда. Ұлттық біріншілік аясында алғашқы жүлдегерлер белгілі болды.

Ерлер арасындағы омниум сайысында Ақмола облысының өкілі Андрей Чугай жеңіске жетті. Күміс жүлдені Солтүстік Қазақстан облысынан келген Данияр Шаяхметов иеленсе, қола медаль астаналық Дмитрий Резановқа бұйырды.

Ел чемпионатына Қазақстанның ең мықты трек велошабандоздары қатысып, әртүрлі дисциплиналар бойынша жүлделерді сарапқа салып жатыр.

Ұлттық біріншілік 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Бұл додада қазақстандық спортшылар халықаралық аренада жүлде үшін таласады.