Басты бет
·
Су спорты

Астанадағы жүзуден әлем кубогы кезеңінің финалына 8 қазақстандық шықты

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Нургали Жумагазы

Фото: Нургали Жумагазы

Астанада өтіп жатқан жүзуден әлем кубогының қорытынды кезеңінде жарыстың екінші күніндегі іріктеу кезеңі аяқталды.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстанның сегіз спортшысы финалға жолдама алды.

Глеб Коваленя 50 метрге еркін жүзу әдісімен жарысудың финалында өнер көрсетеді. Ол іріктеу кезеңінде 21,31 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов финалға шықты. Оның нәтижесі – 2:07.15.

Әділбек Мусин мен Максим Сказобцов 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жүлдеге таласады. Әділбек қашықтықты 51,42 секундта, ал Максим 51,53 секундта жүзіп өтті. Әйелдер арасында осы бағдарлама бойынша Софья Сподаренко да финалға жолдама алды. Оның нәтижесі – 58,55 секунд.

Сондай-ақ 100 метрге кешенді жүзуде әйелдер арасында Жания Ерлан (1:07.57) мен Дарья Чеснокова (1:09.72), ал ерлер арасында Егор Попов (54,64) финалға шықты.

Жарыстың финалдық кезеңі Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.