«Астананың» бұрынғы бапкері Ресейде жаңа қызметке тағайындалды

Фото: «Серикспор» ФК
«Урал» ФК ресми түрде Сергей Юран бас бапкері қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, маман бүгіннен бастап Екатеринбургтегі «Бажовия» базасында өз міндеттерін атқаруға кіріскен. Команда 2026/27 маусымына дайындықты дәл осы жерде бастаған.
«Енді Сергей Николаевич Юран Екатеринбургте жұмыс істейді. Бүгін ол өз міндеттеріне кірісті. Маусым алдындағы дайындық басталды. Сергей Николаевич, “Уралға” қош келдіңіз!» – делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, 2026 жылғы 25 мамырда «СКА-Хабаровск» Юранның бас бапкер қызметіне қайта оралғанын жариялаған болатын. Алайда 8 маусымда ол команданы қайтадан тастап кетті.
Бұған дейін маман Ресей премьер-лигасының «Химки» және «Пари Нижний Новгород» клубтарын, сондай-ақ түркиялық «Серикспор» командасын жаттықтырған.
Еске сала кетейік, Сергей Юран 2009 жылы қазақстандық «Астана» («Локомотив») клубының да тізгінін ұстаған болатын.