Асу Алмабаев алдағы жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөлісті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: MMA Junkie

Фото: MMA Junkie

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонға қарсы алдағы жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөлісті. Қазақстандық спортшы жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді:

«Көңіл-күй жақсы. Жекпе-жек берілсе – бұл әрдайым жақсы, өйткені аз да болса ақша табуға мүмкіндік бар. Бұл жекпе-жекке біз өте мұқият дайындалдық. Соңғы айқасымнан кейін төрт-бес жаттығу лагерінен өттім. Барлық бапкерлерімді жұмылдырдым, сондықтан өз дайындығыма сенімдімін.

Чарльз Джонсон мықты, жақсы деңгейдегі файтер. Өзім де жан-жақты спортшымын. Әрине, менің негізгі артықшылығым күрес, бірақ сонымен қатар аяқпен де, қолмен де жақсы соққы жасай аламын. Қазақстан халқының алдында үлкен жауапкершілікті сезінемін, бірақ артық ойға берілмеу керек, әйтпесе жекпе-жек қиындай түседі. Менің ойымша, мүмкіндіктер 50-ге 50», – деп UFC баспасөз қызметі Алмабаевтың сөзін келтіреді.

Айта кетейік, Алмабаевтың кәсіби рекорды 23 жеңіс және 3 жеңіліс. Ал Джонсонның көрсеткіші 19 жеңіс және 8 жеңіліс. Чарльз бұған дейін қазақстандық спортшылар Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген, кейін олар ұйымнан кеткен.

Еске салайық, Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардында болады.

Асу Алмабаев алдағы жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөлісті – sport-hub