Асу Алмабаев UFC рейтингінде жоғарылады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UFC

Фото: UFC

Қазақстандық Асу Алмабаев Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін рейтингте жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Жекпе-жек 27 маусым күні өтті және үшінші раундта аяқталды. Алмабаев «Сулоев созуы» әдісін сәтті қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.

Рейтинг жаңартылғаннан кейін жапониялық Кёдзи Хоригути жетінші орынға төмендеді. Чарльз Джонсон үздік 15 спортшы қатарынан шығып қалды, ал оның орнын Джозеф Моралес басты. Ең жеңіл салмақтағы чемпион болып Джошуа Ван қала береді. Рейтингтің алғашқы үштігіне сондай-ақ Александр Пантожа, Манель Капе және Тацуро Тайра кіреді.

Чарльз Джонсонды жеңгеннен кейін Асу Алмабаевтың аралас жекпе-жектегі көрсеткіші 24 жеңіс және 3 жеңілісті құрайды. Айта кетейік, осы нәтиже үшін қазақстандық спортшы қосымша төлем ретінде бірден 125 мың доллар табыс тапты.