Асу Алмабаев жаңа лигадағы дебютінде жеңіліп қалды

Фото: RAF
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Кливлендте өткен RAF 12 турнирінде америкалық Джонни ДиДжулиустан жеңіліп қалды.
Еркін күрестен өткен кездесу ұзаққа созылмады. ДиДжулиус бірінші раундтың 88-секундында Алмабаевты 10:0 есебімен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл Асу Алмабаевтың RAF лигасындағы алғашқы кездесуі болды. Ал америкалық балуан аталған промоушендегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол өз отандасы Конор Бибті жеңген еді.
Сонымен қатар ДиДжулиустың RAF-та екі жеңілісі бар. Ол мексикалық Пат Луго мен грузиялық балуан Владимир Хинчегашвилиден ұтылған. RAF 12 турнирінің басты жекпе-жегінде грузиялық Мераб Двалишвили мен америкалық Генри Сехудо қарымта жекпе-жек өткізеді.