Асу Алмабаев жаңа промоушенде титул үшін жекпе-жек өткізеді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (24-3) джиу-джитсудан алғашқы жекпе-жегін 30 тамызда Ыстамбұлда (Түркия) өтетін ACBJJ 22 турнирінде өткізеді.

Алмабаевтың қарсыласы — жеңіліс көрмеген тәжікстандық балуан Халим Назрулоев (11-0). Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, чемпиондық титул үшін айқас мәртебесіне ие болады.

Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы ресейлік файтері Забит Магомедшарипов пен марокколық Юсуф Залал джиу-джитсу ережесі бойынша кездеседі.

Айта кетейік, 22 тамызда Асу Алмабаев RAF 22 турнирінде де өнер көрсетеді. Кливлендте өтетін турнирде оның қарсыласы — 34 жастағы америкалық Джонни Диджулиус. Жекпе-жек 66 келіге дейінгі жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Турнирдің басты оқиғасы — Мераб Двалишвили мен Генри Сехудоның реваншы.