Асылхан Көшербай жеңіске жетті

Аружан Талгат··
Фото: boxingkazakhstan

Фото: boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Асылхан Кошербай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жарысты жеңіспен бастады.

Турнирдің 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда қазақстандық спортшыға Бутан өкілі Дечен Дорджи қарсылас болды. Кошербай жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап айқын басымдық танытып, үш раундтың қорытындысы бойынша сенімді жеңіске жетті.

Осы жеңісінің арқасында қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алып, құрлық біріншілігінің медальдары үшін күресті жалғастыруда.

Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Джакартада 3–16 шілде аралығында өтуде. Қазақстан құрамасы бұл турнирге ең көп құрамдардың бірі ретінде 39 боксшыны тіркеді.

Асылхан Көшербай жеңіске жетті – sport-hub