«Атлетико» президенті Альвареске қатысты «Реалдың» ұсынысы жайлы қауесетке пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Атлетико» клубының президенті Энрике Сересо шабуылшы Хулиан Альварестің сатылмайтынын мәлімдеп, «Реалдың» футболшыға қызығушылық танытып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Функционер мадридтік клубтың аргентиналық шабуылшы үшін 150 миллион еуро ұсынғаны жөніндегі мәліметке жауап берді.

«Мадридтің «Реалы» ресми ұсыныс жасады ма? Хулиан Альварес сатылмайды. Біз оны сатқымыз келмейді», – деді Сересо. 

Альварес «Атлетико» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және команданың негізгі ойыншыларының бірі саналады. Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы барлық турнирде 49 матч өткізіп, 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас авторы атанды.

Футболшының мадридтік клубпен жасасқан келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтық құны 100 миллион еуроға бағаланады.