Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейт Азия чемпионы атанды
Бөлісу

Қазақстан құрамасының ауыр атлеті Бейбарыс Ерсейт Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы жұлқа көтеруде және қос сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Азия рекордын жаңартты – 281 кг (129+152). Осы нәтижемен ол алтын медаль иеленді.
Екінші орынды вьетнамдық Нгуен Зань Дай 278 кг нәтижемен (125+153) алса, үздік үштікті жапониялық Хига Аю 256 кг көрсеткішпен (121+135) түйіндеді.
Сонымен қатар бұл нәтиже Бейбарысқа U20 санатының жалпы есебінде қола медаль алуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады.