Басты бет
·
Хоккей

«Авангард» 0:2 есебінен жеңісті жұлып алып, мәскеулік «Динамоны» овертаймда ұтты

Каирбек Тулегенов ··
«Авангард» ХК

«Авангард» ХК

Омбылық «Авангард» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда мәскеулік «Динамоны» жеңді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде Игорь Ожиганов басымдықты пайдаланып, алаң иелерін алға шығарды. Екінші кезеңде Даниил Давыдов мәскеуліктердің басымдығын еселей түсті.

Үшінші кезеңде Михаил Гуляев пен Дамир Шарипзянов шайба соғып, есепті теңестірді. Осылайша, матч овертаймға ұласты. Қосымша уақытта Майкл Маклауд мергендік танытып, «Авангардқа» жеңіс сыйлады.

ҚХЛ. 2026/2027 жылғы маусым

«Динамо» (Мәскеу) – «Авангард» (Омбы) – 2:3 (овертайм)

Шайбалар: Ожиганов (11:43, көпшілік басымдығында), Давыдов (24:58) – Гуляев (46:45), Шарипзянов (59:35), Маклауд (62:23).

Келесі матчта «Авангард» 28 қазанда сырт алаңда қазандық «Ақ Барспен» кездеседі. Ал мәскеулік «Динамо» өз алаңында хабаровскілік «Амурды» қабылдайды.