Азия ойындары: 21 қыркүйектегі жарыстар күнтүзбесі

Фото: Арлан Олжабай
Дүйсенбі, 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX Азия ойындарында спорттың 14 түрінен бақ сынайды.
Бұл күні 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан үшін триатлон, жүзу, оқ ату және стенд атудан жарыстар, каратэ, спорттық гимнастика және басқа да спорт түрлеріндегі бәсекелер маңызды болады.
Еске салайық, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы алты медаль, төрт алтын және екі қола жүлде жеңіп алды. Азия ойындарының чемпионы велошабандоздар Алексей Луценко мен Рината Сұлтанова, сондай-ақ каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева атанды. Қола жүлдеге триатлоншы Арлан Жанабай және Темірлан Абраимов, Тихон Варехин, Лев Чувашов пен Кирилл Стадниктен құралған Қазақстанның ерлер арасындағы қазіргі бессайыс командасы ие болды.
Осының арқасында Азия ойындарының бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы медальдық есепте Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында тұр.