Байбек «Қайраттың» «Левскимен» қарымта матчқа толық дайын екенін айтты

Бекарыс Әлімхан··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Олжас Байбек Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі софиялық «Левскиге» қарсы қарымта матч алдында команданың дайындығы туралы айтты.

Байбектің сөзінше, футболшылар келесі кезеңге шығу үшін күресуге толық дайын.

«Қазір жағдайымыз жақсы, ешқандай жарақат жоқ. Ойынға жүз пайыз дайынбыз. Барлығы ертеңгі матчқа бар күшін салуға дайын», – деді Байбек.

Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда келесі кезеңде гректің АЕК клубымен кездеседі. Ал екі ойынның нәтижесінде жеңілген команда үшін еурокубок маусымы аяқталмайды. Ол Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуін жалғастырады.

Сонымен қатар жеңілген команданың Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы да белгілі. Ол гректің ПАОК-ы мен бельгиялық «Андерлехт» арасындағы жұптың жеңімпазы болады.