Басты бет
·
Бокс

Банк Әлімханұлымен жекпе-жек туралы: «Бұл – мансабымдағы ең маңызды айқас»

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Boxinscene

Фото: Boxinscene

Жеңіліс көрмеген даниялық боксшы Якоб Банк (20-0, 11 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) өтетін чемпиондық жекпе-жекке дайындығы туралы айтты.

Боксшылардың командалары екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге келісті. Primetime Boxing және Gold Star Promotions промоутерлік компаниялары айқас 2027 жылдың қаңтарында Данияда өтетінін растады.

«Жекпе-жектің қаңтарда өтетініне қуаныштымын. Менің екі кішкентай балам және үлкен командам бар. Сондықтан бәрін алдын ала келісіп алу керек. Енді оған жеткілікті уақыт бар. Сондай-ақ жаттығу жиынына дайындалуға, жекпе-жекті насихаттауға және көп билет сатуға мүмкіндік туды. Бұл өте жақсы.

Кеше келіссөздердің соңғы күні болды. Сондықтан жаңалықты толқып күттім. Бокста ештеңеге толық сенімді бола алмайсың. Бірақ кеше кешке маған тараптардың келісімге келгенін хабарлады. Бұл – мансабымдағы ең маңызды жекпе-жек әрі ең жоғары гонорар. Мен үшін әрдайым ақша емес, жекпе-жектің өзінен алатын сезім маңызды болды. Айқастың Данияда өтетіні керемет», – деді Банк TV Syd басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, WBO Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен міндетті жекпе-жек өткізбей, чемпиондық белбеуден бас тартқаннан кейін осы айқасты бекітті. Қазақстандық боксшы ұйым рейтингінде бірінші орында тұрса, Банк үшінші сатыда орналасқан. Даниялық спортшы мансабында алғаш рет толыққанды әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Банк Әлімханұлымен жекпе-жек туралы: «Бұл – мансабымдағы ең маңызды айқас» – sport-hub