БАҚ: Йылдыз аяқ жарақатына байланысты үш айға дейін алаңнан тыс қалуы мүмкін
Бөлісу

«Ювентус» ФК
«Ювентус» қанат ойыншысы Кенан Йылдыз сол аяғының жарақатына байланысты бірнеше ай бойы алаңға шыға алмауы мүмкін.
Tuttosport басылымының мәліметінше, 21 жастағы футболшы А сериясының бірінші турында «Фрозинонеге» қарсы матчта жарақат алған.
Ойынның 69-минутында оның орнына Жереми Бога алаңға шықты. Ал туриндік команда кездесуді 1:0 есебімен жеңді. Ойыншыға ота жасалуы қажет. Операциядан кейін оның қалпына келуіне шамамен үш ай уақыт кетуі мүмкін.
Өткен маусымда түркиялық футболшы барлық турнирде 47 матч өткізіп, 11 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. Йылдыздың «Ювентуспен» келісімшарты 2030 жылдың маусымына дейін есептелген.