«Барселона» Альварес үшін алғашқы ұсынысын жіберді
Бөлісу

Фото: Голубович Дмитрий, «Чемпионат»
Каталониялық «Барселона» шабуылшы Хулиан Альваресті сатып алу үшін мадридтік «Атлетикоға» алғашқы ресми ұсыныс жолдады.
Фабрицио Романоның мәліметінше, «блауграна» аргентиналық футболшы үшін 100 миллион еуро ұсынған. Айта кетерлігі, «Барселона» бұл мәмілеге өз ойыншыларын қоспаған.
Дегенмен мадридтік клуб өзіне ұсынылған сомаға қанағаттанбай отыр. Соған қарамастан, Хулиан Альварестің өзі «Атлетико» басшылығынан оны «Барселонаға» жіберуді сұрағаны белгілі болды.
Альварес мадридтік клубқа 2024 жылдың жазында Манчестер Сити сапынан ауысқан еді. Осы маусымда аргентиналық шабуылшы барлық турнирде 49 матчқа қатысса, 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.