«Барселона» аңызы Бускетс клубтың жаттықтырушылар штабына қосылды

Бекарыс Әлімхан··
«Барселона» ФК

«Барселона» ФК

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс каталондық клубтың қосалқы командасының жаттықтырушылар штабына қосылды.

Бускетс «Барса Атлетик» бас бапкері Жулиано Беллеттидің штабына кірді. 38 жастағы испаниялық техникалық ассистент қызметін атқарып, қатарынан жаттықтырушылық лицензия алу үшін білім алады.

Беллетти қосалқы команданы екінші маусым қатарынан басқарып келеді. Маусым айында «Барселона» бразилиялық маманмен келісімшартын ұзартқан. 2026/27 жылғы маусымда «Барса Атлетик» Испанияның күш жағынан төртінші дивизионы саналатын Сегунда Федерасьонда өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Бускетс – «Барселонаның» түлегі. Ол негізгі команда сапында 2008-2023 жылдар аралығында ойнап, 722 матч өткізді. Бұл көрсеткіш бойынша клуб тарихында үшінші орында тұр. Жартылай қорғаушы каталондық клубпен бірге 32 жүлде жеңіп алды.

«Барселонадан» кеткеннен кейін Бускетс «Интер Майамиге» ауысып, өткен маусым аяқталған соң футболшы ретіндегі мансабын аяқтады.