«Барселона» Ла Лигадағы алғашқы матчында «Эльчеге» бес гол соқты

Бекарыс Әлімхан··
«Барселона» ФК

«Барселона» ФК

«Барселона» Испания чемпионатының Ла Лигадағы екінші тур матчында «Эльчеден» басым түсті. «Мануэль Мартинес Валеро» стадионында өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды.

Есеп 14-минутта ашылды. Рафинья пенальти алып, 11 метрлік айып добын өзі дәл орындады. Бірінші тайм аяқталуға жақын бразилиялық екінші голға да атсалысып, Карим Адейемиге нәтижелі пас берді. Неміс шабуылшысы Ла Лигадағы дебюттік матчында гол соқты.

Екінші таймда қонақтардың басымдығы одан әрі артты. 67-минутта Рафинья дубль жасады. Ал 71 және 79-минуттарда Фермин Лопес екі гол соқты. «Барселонаның» жаңадан қосылған ойыншысы Энтони Гордон алаңға қосалқы құрамнан шығып, екі нәтижелі пас берді.

Бұл «Барселонаның» 2026/27 жылғы Испания чемпионатындағы алғашқы матчы болды. Бірінші турдағы «Атлетик» (Бильбао) командасына қарсы кездесу кейінге шегерілгендіктен, Ханси Флик шәкірттері чемпионатты «Эльче» алаңында бастады.

Келесі матчта «Барселона» 28 тамызда кейінге шегерілген бірінші тур ойынында «Атлетикпен» кездеседі. Ал «Эльче» «Расингке» қарсы ойнайды.