Басты бет
·
Футбол

«Барселона» сырт алаңда «Галатасарайды» ойсырата жеңді

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Барселона» Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің екінші турында Түркияның «Галатасарай» клубын ірі есеппен жеңді. Ыстамбұлдағы «Рамс Парк» стадионында өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды.

Ойын басталмай тұрып-ақ каталондықтарды жергілікті жанкүйерлер ысқырықпен қарсы алды. Сонымен қатар, матч қарсаңында әлеуметтік желілерде «Барселона» тоқтаған қонақүй маңында түнде отшашу атылған сәттің видеолары тарады.

Алаң иелері бірінші таймда есеп ашты. 28-минутта ресейлік жартылай қорғаушы Алексей Батраков гол соғып, «Галатасарайды» алға шығарды. Бұл оның түрік клубы сапындағы алғашқы голы болды.

Алайда алаң иелері басымдығын сақтап қала алмады. 42-минутта Жоау Канселу есепті теңестіріп, командалар үзіліске 1:1 есебімен кетті.

Екінші таймда «Барселона» қарқынын арттырды. 50-минутта Фермин Лопес қонақтарды алға шығарса, араға үш минут салып Энтони Гордон есеп айырмасын ұлғайтты.

65-минутта Карим Адейеми төртінші голды соғып, матчтың нәтижесін түпкілікті белгіледі. Осылайша, каталондықтар екінші таймда үш гол соғып, сырт алаңда ірі жеңіске жетті.

Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 2-тур

«Галатасарай» (Түркия) – «Барселона» (Испания) – 1:4 (1:1)

Голдар: Алексей Батраков (28) – Жоау Канселу (42), Фермин Лопес (50), Энтони Гордон (53), Карим Адейеми (65).