Басты бет
·
Футбол

«Барселона» жұлдызының әкесі тағы да үлкен даудың ортасында қалды

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Барселона» клубының 19 жастағы футболшысы Ламин Ямальдың әкесі Мунир Насрауи Испанияның бұқаралық ақпарат құралдарының назарын қайтадан өзіне аударды.

Бұл жолы ол Каталония астанасындағы әуежайда орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерімен жанжалдасқан деген ақпарат тарады.

El Español басылымының мәліметінше, дау Насрауидің күртесін рұқсат етілмеген жерге қалдыруынан басталған. Дәмхана қызметкері одан киімін алып қоюды сұраған. Алайда қарапайым ескерту соңы үлкен жанжалға ұласқан.

Хабарламада футболшының әкесі қызметкермен сөзге келіп, оның бетіне түкіргені айтылады. Қызға араша түспек болған келушілердің бірі де жанжалға араласқан. Басылымның жазуынша, Насрауи ашуын әлгі ер адамға бағыттап, орындықты алып, оған қарай лақтыруға әрекеттенген.

Бұл – испаниялық футболшының әкесі қатысқан соңғы кездегі алғашқы жанжал емес. Бұған дейін 2026 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімінен кейін Лондондағы «Палладиум» театрының маңында төбелеске ұласуға шақ қалған оқиға туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде Насрауи ресейлік делегация операторының телефонын зақымдай жаздаған. Оқиғаның куәгері Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин болған.

Ал Ламин Ямаль марапаттау рәсімінен кейін футболдағы мақсаттары туралы пікір білдірген еді. 19 жастағы испаниялық ойыншы «Алтын доп» дауыс беруінде Харри Кейн мен Килиан Мбаппеден кейін үшінші орын алды. Соған қарамастан, ол болашақта беделді марапатты жеңіп алатынына сенімді екенін жеткізді.

Сонымен қатар, «Барселона» жұлдызы жылдың үздік жас футболшысына берілетін марапатқа ие болды.

«Барселона» жұлдызының әкесі тағы да үлкен даудың ортасында қалды – sport-hub