Басты бет
·
Хоккей

«Барыс» аңызы Роман Старченко мансабы туралы айтып берді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны әрі «Барыс» клубының аңызы Роман Старченко Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сұхбат беріп, ойыншылық мансабы мен жетістіктері туралы айтты.

Старченко кәсіби мансабында ҚХЛ-де 871 матч өткізіп, 215 шайба соғып, 209 нәтижелі пас берген. Оның 819 ойыны елордалық «Барыс» сапында өтті. Осылайша, ол бір клуб үшін өткізілген матч саны бойынша лига рекордын орнатты.

Роман Старченко хоккеймен Өскеменде айналыса бастаған. 2003 жылы «Барыс» сапына қосылды. Сондай-ақ мансабында мәскеулік «Спартак» клубында өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасындағы дебютін 2006 жылғы әлем чемпионатында жасады. Халықаралық деңгейде 18 әлем чемпионатына қатысып, қысқы Азия ойындарында екі рет (2011, 2015) чемпион атанды. Сонымен қатар Азия чемпионы болды.

2026 жылы 40 жасында Роман Старченко кәсіби ойыншылық мансабын аяқтап, бапкерлік жұмысқа кірісті. Жаңа маусымда ол «Номад» клубының жаттықтырушылар штабына қосылды.

«Барыс» аңызы Роман Старченко мансабы туралы айтып берді – sport-hub