«Барыс» бірқатар ойыншымен қош айтысқанын хабарлады

Фото: «Барыс» ХК ресми сайты
«Барыс» жаңа маусым қарсаңында негізгі құрамдағы бірнеше ойыншының клубтан кеткенін ресми түрде жариялады.
31 мамыр күні қорғаушы Иэн Маккошеннің, сондай-ақ шабуылшылар Майкл Веккионе, Эмиль Галимов, Мэйсон Морелли, Кирилл Савицкий, Роман Старченко және Макс Уиллманның келісімшарттары аяқталды. Ал қорғаушы Дмитрий Бреус жалдау мерзімі аяқталған соң Нижний Новгородтың «Торпедо» клубына оралды.
Сонымен қатар «Барыс» Адам Шил, Батырлан Мұратов және Максим Мұхаметовке біліктілік ұсыныстарын жасап, аталған хоккейшілердің құқықтарын клуб аясында сақтап қалды.
Келісімшарт мерзімі аяқталып, «шектеусіз еркін агент» мәртебесіне ие болған кейбір ойыншылармен қазақстандық клуб келіссөздерді жалғастырып жатқаны белгілі болды.
Еске салайық, өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында оныншы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмаған еді.