«Барыс» ХК экс-ойыншысы ҚХЛ-дағы жаңа клубқа ауысты

Барыс ХК
Ресейлік қорғаушы Никита Камалов «Торпедо» клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды
30 жастағы ойыншы өткен маусымда Череповецтің «Северсталь» командасында өнер көрсетіп, қорғаушылар арасында екінші үздік бомбардир атанды. Сондай-ақ ол командадағы ең көп блокталған соққылар, күштік әдістер және қақпаға жасалған соққылар саны бойынша көш бастады.
«Северсталь» сапында Камалов тұрақты чемпионаттың 67 матчында 24 (5+19) ұпай жинады. Ал 2025/26 жылғы ҚХЛ Кубогы кезеңінде ол 3 ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
Айта кетейік, 2024 жылы Никита Камалов ҚХЛ-да «Барыс» сапында 37 матч өткізіп, 4 нәтижелі пас берген болатын. 2024 жылдың 24 желтоқсанында қазақстандық клуб оның келісімшартын тоқтатса, келесі күні ойыншы «Металлургпен» келісімге келген еді.