«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов алғаш рет үздік қақпашы атанды

«Барыс» ХК
Құрлықтық хоккей лигасы маусымның екінші ойын аптасындағы үздік ойыншыларды анықтады.
Үздіктер қатарынан елордалық «Барыстың» қақпашысы Андрей Шутов та көрінді. Ол өз позициясы бойынша аптаның үздік қақпашысы атанды.
Шутовтың «Локомотивке» қарсы матчтағы ойынына сарапшылар жоғары баға берді. Бұл кездесуге дейін ярославльдік команда бірде-бір рет жеңілмеген еді. Алайда өз алаңында «Локомотив» 0:5 есебімен жеңіліп қалды. «Барыс» қарсыласын сенімді түрде жеңіп, Шутов қақпасына бағытталған 36 соққының барлығын қайтарды.
ҚХЛ баспасөз қызметінің ресми хабарламасында:
«Андрей Шутов («Барыс») мансабында алғаш рет аптаның үздік қақпашысы атанды. Ол аптаның екі матчында бір жеңіске жетіп, сенімділік коэффициенті 0,00 болды. Шутов қорғаған қақпаға 51 соққы жасалып, қақпашы олардың 100 пайызын қайтарды. «Локомотивке» қарсы матчта (5:0) Шутов қақпасын голдан қорғады», — делінген.
Айта кетейік, Ярославльдегі жеңіс «Барысқа» алты ойыннан кейін Шығыс конференциясының бесінші сатысына орналасуға мүмкіндік берді.