«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Шестаковты қатарға қосты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Барыс» ХК

Фото: «Барыс» ХК

Елордалық «Барыс» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаковтың командаға қайта оралғанын ресми түрде жариялады. Форвардпен 2028 жылдың 31 мамырына дейін келісімшарт жасалды.

28 жастағы хоккейші бұған дейін «Барыс» сапында 2019 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсеткен. Кейінгі екі маусымды Владивостоктың «Адмирал» клубында өткізді.

2025/26 жылғы ҚХЛ тұрақты чемпионатында Шестаков 64 матчқа қатысып, 13 (7 гол + 6 пас) ұпай жинады. Сондай-ақ шайба тастаулардың 59,5 пайызында жеңіске жетіп, 34 соққыны бұғаттады. Орталық шабуылшы бір матчта орта есеппен 15 минуттан астам уақыт мұз айдынында болды.

Өткен маусымда Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» 54 ұпаймен Шығыс конференциясында 10-орынға тұрақтаған еді.