«Барыс» қорғаушы Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Барыс» ХК

Фото: «Барыс» ХК

Елордалық «Барыс» америкалық қорғаушы Чейз Прискимен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. 30 жастағы хоккейшімен жасалған келісім бір маусымға есептелген.

Приски кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізді. 2024 жылы ол «Херши Беарс» сапында Колдер кубогының жеңімпазы атанды. Қорғаушы АХЛ-да жалпы саны 349 матч өткізіп, 54 шайба соғып, 130 нәтижелі пас берген.

Өткен маусымда америкалық хоккейші «Сибирь» клубында өнер көрсетті. Ол 54 матчта 24 (4+20) ұпай жинап, әр кездесуде мұз айдынында орта есеппен 22 минуттан астам уақыт өткізді.

Айта кетейік, өткен маусым қорытындысы бойынша «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында оныншы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

«Барыс» қорғаушы Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойды – sport-hub