Басты бет
·
Хоккей

«Барыс» – «Северсталь»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Астаналық «Барыс» 25 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Череповецтің «Северсталь» командасын қабылдайды.

Кездесу Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ кездесудің негізгі оқиғалары Sport-hub.kz Telegram арнасында жарияланады.

Матч қарсаңында «Барыс» 29 кездесуде 29 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. Ал 38 ұпайы бар «Северсталь» Батыс конференциясында үшінші сатыға жайғасқан.

Астаналық клуб қатарынан үш матчта жеңіліп келеді. Михаил Кравец шәкірттері «Салават Юлаевқа» (3:5), Омбының «Авангардына» (1:3) және Минскінің «Динамосына» (1:2) есе жіберді.

Ал «Северсталь», керісінше, соңғы алты кездесуінде жеңіске жеткен. Череповецтік команда алдыңғы ойында Новосібірдің «Сибирін» 4:2 есебімен ұтты.

«Барыстың» үздік бомбардирі – Джастин Бэйли. Ол 29 матчта 29 ұпай (18 шайба және 11 нәтижелі пас) жинаған. «Северсталь» сапында Руслан Абросимов көш бастап тұр. Оның еншісінде 19 ұпай (9+10) бар.

ҚХЛ тарихында екі команда өзара 35 рет кездескен. Оның 18-інде «Северсталь» жеңіске жетсе, қалған 17 матчта «Барыстың» мерейі үстем болған.

Қарсыластар соңғы рет 2026 жылдың ақпанында Астанада жолықты. Ол кезде «Северсталь» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 27 қарашада сырт алаңда Санкт-Петербургтің СКА командасына қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.

«Барыс» – «Северсталь»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы – sport-hub