«Барыстың» ҚХЛ-дегі қарсыласы канадалық бапкермен келісімшартты бұзбақ

Фото: БХЛ
«Авангард» клубының басшылығы БХЛ-да (Бүкілресейлік хоккей лигасы) жұмыс істеген жалғыз шетелдік бапкер Луи Робитайлмен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы «Сила Спорта» хабарлады.
Канадалық маман клуб құрылымына Ги Бушенің ұсынысымен шақырылған еді. Оның негізгі міндеті клуб жүйесіндегі әрбір жас санатындағы командалардың өзара байланысын күшейту болған.
Алайда «Омские Крылья» басты «Авангард» командасын жаңа ойыншылармен тұрақты қамтамасыз ете алмады.
Сондай-ақ «Омские Крыльяның» жалақы қоры лигадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болғаны айтылды. Ал Робитайл бір маусымда 36 миллион рубль, яғни шамамен 232 миллион теңге жалақы алған.
Мәлімет бойынша, оның орнына бұған дейін «Омские Ястребы» жастар командасын жаттықтырған Виталий Черночуб тағайындалады.
Еске салайық, «Авангард» та «Барыс» секілді ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында өнер көрсетеді.