«Батыр» мен «Хан-Тәңірі» тең түсті

Фото: ФК «Хан-Тенгри»
Қазақстан Бірінші лигасының 24-туры аясында Екібастұздың «Батыры» мен Алматының «Хан-Тәңірі» 1:1 есебімен тең тарқасты.
Кездесудің 19-минутында Әліби Мұхит алаң иелерін алға шығарды. Алайда екі минуттан кейін Дархан Меделхан таразы басын теңестірді.
Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгерген жоқ. Осылайша, қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі.
Бірінші лига. 24-тур
«Батыр» – «Хан-Тәңірі» – 1:1
Голдар: Мұхит, 19; Меделхан, 21.
24 турдан кейін «Батыр» 27 ұпаймен турнир кестесінің 10-сатысында тұр. Алматылық клубтың еншісінде 26 ұпай бар. «Хан-Тәңірі» 11-орынға жайғасқан.