Бейнешолу: Бублик Молчанға қарсы кездесуде жеңіске жетті
Бөлісу

Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші словакиялық Алекс Молланды екі сетте сенімді жеңді – 6:3, 6:2. 1 сағат 9 минутқа созылған кездесуді осы сілтеме арқылы тамашалай аласыз.
Бұл жеңіс Бублик үшін Молчаннан бұған дейінгі жалғыз жеңілісі үшін алынған реванш болды. Енді турнирдің қазіргі чемпионы финал жолдамасы үшін аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.