Бекболат гол соғып, Жоржиньо нүкте қойды: «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті

Али Асетов··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық "Қайрат" сырт алаңда черногориялық "Сутьеска" командасын 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің негізгі кезеңіне жолдама үшін күресті сенімді түрде жалғастырды.

Кездесудегі алғашқы гол екінші таймда соғылды. 68-минутта «Сутьеска» қақпашысы өз айып алаңында қателік жіберіп, оны Исмаил Бекболат тиімді пайдаланып, есеп ашты.

Араға он минут салып, алаң иелері үшін жағдай одан әрі қиындай түсті. «Сутьеска» қорғаушысы өз айып алаңында қолмен ойнап, екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Төреші пенальти белгілеп, Жоржиньо 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Чемпиондар лигасы – Іріктеу кезеңі:

«Сутьеска» – «Қайрат» – 0:2

Голдар: 68 — Бекболат, 83 — Жоржиньо (пенальти)

Екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайрат» қарсыласынан басым түсті. Алматыда өткен алғашқы ойында да қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жалғастырады. Екінші раундта алматылықтар кипрлік «Омониямен» кездеседі.