Бекзат Алмахан төрт жекпе-жектен кейін UFC-ден шығарылды

Фото: Getty Images
Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Бекзат Алмахан енді UFC ростерінде жоқ.
28 жастағы қазақстандық спортшының ұйымнан кеткені туралы ақпарат X әлеуметтік желісінде пайда болды. Алдымен бұл туралы белгілі ММА инсайдері Krazy Kev MMA хабарлады. Кейін осындай ақпаратты Agent MMA да жариялады. Алайда UFC әзірге Алмаханмен ынтымақтастықтың тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеген жоқ.
Қазақстандық файтер әлемдегі ең ірі ММА промоушеніндегі дебютін 2024 жылдың наурызында өткізді. UFC-дегі мансабы барысында ол төрт жекпе-жек өткізіп, бір жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапты.
Алмахан соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың маусымында Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізді. Оның қарсыласы бразилиялық Жану Мацумото болды. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Мацумотоның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Бакудегі жекпе-жек Алмаханның UFC сапындағы соңғы кездесуі болуы мүмкін. Қазіргі таңда промоушен немесе қазақстандық файтердің өзі бұл туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.