Бельгия – Египет матчының видео-шолуы
Бөлісу

Фото: Getty Images
Бельгия мен Египет құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының G тобының бірінші турында ұпай бөлісті.
Сиэтлдегі «Люмен Филд» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Египет 20-минутта Эмам Ашурдың дәл соққысы арқылы есеп ашып, ұзақ уақыт бойы басымдықты сақтап тұрды.
Алайда екінші таймда бельгиялықтар жеңілістен құтылды. 66-минутта Египет қорғаушысы Мохамед Хани допты өз қақпасына жіберіп, ойынның қорытынды есебін белгіледі.
Бірінші турдан кейін Бельгия мен Египет бір ұпайдан еншіледі. Матчтың шолуын осы сілтеме арқылы көруге болады.