Бельгия мен Иран құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатында тең түсті

Каирбек Тулегенов ··
ФИФА

ФИФА

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында Бельгия мен Иран құрамалары өзара кездесті.

Матчтың алғашқы таймында ирандықтар есеп ашуға жақын болды. 25-минутта айып добынан кейін Мехди Тареми гол соққанымен, төреші шабуылшының офсайдта болғанын анықтап, голды есепке алмады.

Кездесудің 66-минутында бельгиялық қорғаушы Натан Нгой тікелей қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды. Алайда ойын соңына дейін есеп ашылған жоқ. Нәтижесінде матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы SoFi Stadium стадионында өтті. Бас төреші аргентиналық Дарио Эррера болды.

Осы нәтижеден кейін Иран құрамасы доп айырмасы бойынша G тобында бірінші орынға көтерілді. Ал Бельгия құрамасы екі ұпаймен екінші сатыға жайғасты.

Үшінші турда Бельгия Жаңа Зеландиямен, ал Иран Египетпен кездеседі. Матчтар 27 маусым күні өтеді.

Бельгия мен Иран құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатында тең түсті – sport-hub