Беларуське қарсы жолдастық ойындарға Қазақстан жастар құрамасының бір ойыншысы қатыспайды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚФФ ресми сайты

Фото: ҚФФ ресми сайты

Өскемендік «Алтай» клубының жартылай қорғаушысы Сейф Попов Қазақстан жастар құрамасының алдағы жолдастық матчтарына қатыспайтын болды.

Amanvibe.kz мәліметінше, футболшы жарақат алған. Сондықтан халықаралық үзіліс кезінде ол қалпына келу және оңалту кезеңін өткереді.

Оның орнын Қазақстанның жастар құрамасында (U-21) петропавлдық «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Глеб Валгушев басуы мүмкін.

Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы маусым айында Беларуське қарсы екі жолдастық матч өткізеді:

5 маусымда — Барановичиде (Астана уақытымен 19:00),

8 маусымда — Минскідегі «Трактор» стадионында (20:00).