Белгілі шетелдік бапкер ҚПЛ-ге қайта оралуы мүмкін

Темирлан Мажекенов ··
Белгілі шетелдік бапкер ҚПЛ-ге қайта оралуы мүмкін

Болгариялық маман Николай Костов Қазақстан Премьер-лигасындағы жұмысқа қайта оралуы ықтимал.

Бұл туралы AmanVIBE хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, 62 жастағы бапкер қызылордалық «Қайсар» клубының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр.

«Қасқырлар» басшылығы команданың маусым басындағы нәтижелеріне көңілі толмайтыны және алдағы матчтарда сәтсіз нәтижелер қайталанса, жаттықтырушылар штабын ауыстыруға дайын екені айтылды.

2026 жылғы ҚПЛ маусымындағы алғашқы он турдан кейін «Қайсар» 6 ұпай жинап, турнирлік кестеде 15-орында тұр.

Айта кетейік, Николай Костов қазақстандық футболға жақсы таныс маман саналады.

Наурыз айының соңында бапкер «Ақтөбе» клубынан кеткен еді. Енді ол қайтадан ҚПЛ-де қызмет атқаруы мүмкін.

Белгілі шетелдік бапкер ҚПЛ-ге қайта оралуы мүмкін – sport-hub