Бэлла Самашева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Фото: Арлан Олжабай
Бэлла Самашева Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта кумитэ бағдарламасында өнер көрсетті. Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте отандасымыз Өзбекстан спортшысынан басым түсті.
Жарыс Тоёхаси спорт кешенінде өтуде. Самашева үшін бұл Азия ойындарындағы алғашқы жарыс болды. Спортшы дебютін жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін каратэден Қазақстан қоржынына Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін) мен Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль салған еді. Ал Асель Қанай 61 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтуде. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.