Басты бет
·
Теннис

Бен Шелтон Шанхайдағы турнирдің үшінші айналымына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@PalmaCarlota

Фото: x_@PalmaCarlota

Америкалық теннисші Бен Шелтон Шанхайда өтіп жатқан ATP-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Ол германиялық Даниэль Альтмайерді жеңді.

Кездесу 6:3, 7:6 (8:6) есебімен аяқталып, 1 сағат 57 минутқа созылды. Шелтон жеті эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді және қарсыласының доп беруіндегі екі мүмкіндікті пайдаланды. Ал Альтмайер алты эйс орындап, бірде-бір қос қателікке жол бермеді. Ол қарсыласының доп беруін бір рет бұза алды.

Әлемнің төртінші ракеткасы үшін бұл турнирдегі алғашқы матч болды. Жарыста екінші айналымнан бастаған америкалық келесі кезеңде 21 жастағы француз Артюр Жамен кездеседі. ATP рейтингінде 56-орында тұрған француз екінші айналымда отандасы Уго Умберді жеңді.

Айта кетейік, Шанхайдағы ATP-1000 турнирі хард төсенішінде өтіп жатыр. Жарыстың негізгі кезеңі 7 қазанда басталды, ал финал 18 қазанда өтеді. Турнирдің жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайды.

Бен Шелтон Шанхайдағы турнирдің үшінші айналымына шықты – sport-hub