Берге Норвегияның ӘЧ турнирінен шығуынан кейін төрешілерді сынға алды

Фото: NFF
Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Сандер Берге әлем чемпионаты-2026 ширек финалында Англиядан (1:2) жеңілген ойынға қатысты пікір білдірді.
Кездесу барысында норвегиялық команда гол соққанымен, VAR қаралғаннан кейін төреші Эрлинг Холандтың ереже бұзғанын тіркеп, голды есепке алмады.
«Бұл гол аптаның кез келген күнінде есептелуі тиіс еді, бірақ бәрін ұсақ-түйек шешеді. Қай шешімнің қай жаққа ауатынын ешқашан білмейсің. Егер осындай жағдайлар осылай бағаланатын болса, онда мен Премьер-лигада әр апта сайын пенальти алуым керек еді», – деп келтіреді Бергенің сөзін Goal.
Әлем чемпионаты-2026 жартылай финалында Англия құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч 16 шілде күні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Норвегия I тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан еді. Кейін плей-оффта Кот-д’Ивуарды (2:1) және Бразилияны (2:1) жеңді. Берге турнирдің бес матчына қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.
Әлем чемпионаты-2026 АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.