«Бернли» бас бапкері Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатынын айтты

Aibar Rysdaulet··
Фото: ФК Бернли

Фото: ФК Бернли

«Бернли» бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жарақатына байланысты жағдайын айтты.

Сатпаев Чемпионшиптің 5-туры аясында «Бристоль Ситиге» қарсы матчқа қатыспады. Ойын «Бернлидің» 1:2 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Хайеннің айтуынша, қазақстандық футболшы бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды. Бапкер Сатпаевтың маусым алдындағы дайындығы толық болмағанын атап өтті.

«Өкінішке қарай, ол бірнеше аптаға қатардан шығады. Бұл назар аударуды қажет ететін жағдайлардың бірі. Айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықтан өтті, бірақ толыққанды дайындық болған жоқ. Біз футболшыларға қажетті жүктемені беруге тырысамыз, сонымен бірге оларды қорғауымыз керек. Мұнда дұрыс тепе-теңдікті табу маңызды», – деді Ники Хайен.

Еске салайық, Сатпаев Чемпионшиптің 4-туры аясында «Мидлсброға» (1:1) қарсы ойында негізгі құрамда шықты. Қазақстандық шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Ойынның 81-минутында Сатпаев аяғының артқы жағын ұстап, алаңнан кетті. Кейін футболшының сіңірінен жарақат алғаны туралы ақпарат тараған еді.