«Бешикташ» Салахтың трансферінен бас тартты

«Ливерпуль» ФК
«Бешикташ» клубының спорт директоры Ондер Өзэн «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахпен жүргізілген келіссөздерге қатысты пікір білдірді.
Өзэннің айтуынша, клуб басшылығы Мохамед Салахпен бірнеше кездесу өткізген, алайда кейін келіссөздер тоқтатылған. Функционердің сөзінше, клуб қаржылық мүмкіндіктерінен аспау туралы шешім қабылдаған.
«Мохамед Салах – әлемдік жұлдыз. Оның халықаралық деңгейдегі беделі өте жоғары. Келіссөздердің бастапқы кезеңінде біз Винченцо Итальяномен бірге Мохамед Салахпен үш рет кездестік. Алайда 21 шілдеден кейін келіссөздер айтарлықтай баяулады.
Клуб президенті нақты шектеу қойды және одан асуға дайын емес екенін көрсетті. Популистік шешімнің орнына ол шынайы таңдау жасады. Қазіргі уақытта Мохамед Салахтың трансфері бойынша мәселе кейінге қалдырылды», – деді Өзэн.
Бұған дейін «Бешикташ» мысырлық шабуылшыға жылына 15 миллион еуро жалақысы бар келісімшарт ұсынып, шешім қабылдауға 24 сағат уақыт бергені хабарланған болатын.
Өткен маусымда Салах барлық турнирде 41 матч өткізіп, 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. «Ливерпульден» кеткеннен кейін шабуылшы еркін агент мәртебесіне ие.