Биіктікке секіруден Азия чемпионатында Елизавета Матвеева қола жүлдегер атанды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Olympic.kz

Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан секіру спорты бойынша алғашқы Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Команда қоржынына алғашқы жүлдені биіктікке секіруде бақ сынаған Елизавета Матвеева салды. Ол өзінің басты мүмкіндігінде 180 сантиметр нәтиже көрсетті.

Турнир жеңімпазы атанған өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева 183 сантиметр биіктікті бағындырды. Күміс медальді дәл сондай 180 сантиметр көрсеткішпен қытайлық Цзявэнь Лу иеленді. Тағы бір қола жүлдені Гонконг өкілі Чун Вай Я иеленді. Ол да 180 сантиметр биіктікке еңсере алды.

Айта кетейік, бұл Азиядағы секіру дисциплиналары бойынша өтіп жатқан алғашқы құрлықтық турнир.