Бразилия тағы да Неймарсыз қалды ма?

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Гаитиға қарсы екінші тур матчына қатыспайды.

Ұлттық футбол конфедерациясының хабарлауынша, 34 жастағы футболшы Нью-Джерсиде оңалту курсын жалғастырып, командамен бірге Филадельфияға бармайды.

Ойыншының алаңға шықпауына себеп турнир басталар алдында алған балтыр бұлшықетінің жарақаты. Осы жарақат салдарынан Неймар алғашқы турдағы Мароккоға қарсы матчты да өткізіп алған болатын.

Еске сала кетейік, Бразилия Мароккомен 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал Бразилия мен Гаити кездесуі 20 маусымға қараған түні өтеді.